Жылқылар: жылқы күтімі және салт міну

ЖАҚЫНДА САТЫЛЫМДА

Ат жарыстарына қатысқыңыз келе ме, жоқ, әлде атқа сергектік үшін ғана мінгіңіз келе ме, әлде сіз мүлдем атқа мінуді қаламайсыз, бар болғаны жылқыларды жақсы көресіз бе? Онда бұл кітап жылқы десе ішкен асын жерге қоятын әр оқырман үшін пайдалы нұсқаушы болары сөзсіз. Назарларыңызға ұсынылып отырған бұл кітапта
балалар мен жасөспірімдерге арналған салт міну негіздері берілген. Сондай-ақ атқа міну, түсу, бір адымнан екіншісіне ауысу және конкур сияқты салт міну әдістері де қамтылған. Жылқы «сүйреткен» және тепсінген кездегі мәселелермен қалай күресуді, жылқыда ауру белгілері байқалғанда қандай шара қолдану керектігін де білетін боласыз. Арманыңызды іске асыруға асығыңыз!

Ассирия мен Вавилон

ЖАҚЫНДА САТЫЛЫМДА

Адамзат тарихында терең із қалдырған ассириялықтар мен вавилондықтардың ежелгі өркениеті соншалықты көне, ұлы. Екі мың жылға жуық уақыт бойы ол басқа өркениеттер арасында ұмыт қалған еді.
Құпияға толы Вавилонның шынайы тарихы, көне жәдігерлері және соңғы зерттеулер мен археологиялық қазбалардың құнды деректері айтылатын Альфредо Риццаның кітабымен таныс болыңыздар!
Осы халықтардың сенген құдайлары, атақты
ғибадатханалары мен сағаналары – көптеген
иллюстрациялар арқылы олардың бар ұлылығына баға беріңіздер. Ежелгі өркениет әлемі Ассирия
мен Вавилонға асығыңыздар!

Майя. Дaвидe Доменичи

ЖАҚЫНДА САТЫЛЫМДА

Жұмбаққа толы майя  өркениеті… Джон Ллойд Стефенс және Фредерик Кезевуд сынды зерттеушілер ХIХ ғасырдың ортасында оңтүстік Мексика мен Гватемаланың тропикалық ормандарынан көне жәдігерлерді тапқан сәттен бастап, майя өркениетіне деген қызығушылық бір толастаған емес.

Майя халқы салған ғажайып құрылыстар мен математика, астрономия, астрология саласында жеткен жетістіктері – адамзат тарихындағы ең бір ғажап дүние.