Мұнай және газ кенорындарын игерудегі маркшейдерия

ЖАҢА КІТАП!

Т. Қалыбеков

Мұнай және газ  кенорындарын игерудегі  маркшейдерия. – Астана: Фолиант, 2017.

Кітапта мұнай-газ кәсіпшілігіндегі маркшейдерлік қыз­меттің атқаратын міндет­тері, мұнай және газ кенорын­дарының геологиясы туралы қысқаша мәліметтер, кен­­ор­нын жайғастыру мен игерудің технологиясы кел­­ті­рілген. Кенорнын игеру кезінде­гі геодезиялық-марк­шейдерлік тірек тораптарының дамуы, ұңғыма­лар­ды бұрғылау­да­ғы маркшейдерлік жұмыстар, гео­ди­намикалық жағдайды зерделеу және геодезия­лық өлшеулер тәсілдері, мұнай-газды тасымалдаудағы құ­бырлар құрылысының марк­шей­дерлік жұмыстары, кә­­сіпшіліктегі құрылыс нысандарын салу мен кенор­нын гео­мет­рияландырудағы маркшейдерлік жұмыстар жан-жақты баяндалған.
Сонымен қатар кенорнын игеру барысындағы жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау және маркшейдерлік жұмыстарды орындағандағы қа­уіпсіздік шаралары қарастырылған.
Кітап жоғары оқу орындары студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына, оқытушыларына және мұнай-газ кәсіпшілігі мамандарына арналған.