«Eurasian Book Fair – 2017» II Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің баспасөз хабарламасы

Бүгін «Көрме» орталығында елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған «Eurasian Book Fair – 2017» II Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өз жұмысын бастады. Еуразиялық кеңістіктегі айтулы мәдени-ағартушылық шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова қатысты.

Шараның ашылу рәсіміне әдебиет пен баспа ісі саласының белді өкілдері, Қазақстанда аккредитацияланған елшілік, сондай-ақ ҚР министрлік пен ведомстволар өкілдері қатысты.

Кітап көрме-жәрмеңкесі жұмысына әлемнің 25 елінен 90 баспа өкілі қатысып жатыр. 3 мыңнан астам кітап өнімдері қойылған. Көрмеге келушілер бірнеше тілде жарық көрген балаларға арналған, көркем, ғылыми-танымдық, іскерлік және техникалық әдебиеттерді алып, танымал жазушылармен өтетін шығармашылық кездесулер мен автограф-сессияларға қатыса алады.

18 маусымға дейін өтетін көрме аясында жаңа кітаптардың таныстырылымы, дөңгелек үстелдер, оқырмандар форумы, белгілі мәдениет қайраткерлерімен, ақын-жазушылармен кездесулер ұйымдастырылады. Шара аясында өтетін мәдени бағдарламалардың қатары қалың.

Мәселен, 15 маусымда Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің қатысуымен Канадада ағылшын тілінде жарыққа шыққан «Астана: архитектура, мифы и предназначение» кітабының таныстырылымы өтеді. Оның авторы Виннипег университетінің оқытушысы, заң ғылымдарының докторы, профессор Франко Альбо. Бұл кітап  Канадада көпшілікке танымал.

17 маусым күні белгілі испан ақыны Хусто Хорхе Падронаның қатысуымен қазақ тіліне аударылған және басылған «Тозақ шеңберлері» («Круги ада») кітабының тұсауы кесіледі.

Польшалық «Kurtiak&Ley» көркем баспасы бірегей дизайнерлік шешіммен орындалған эксклюзивті басылымдар топтамасын назарға ұсынады.  Сыйлықтық басылымдар топтамамасында «Абай» кітабы бар.

Ресей кітап баспалары Қауымдастығы мен «Гильдия книжников» коммерциялық емес әріптестігі әзірлеген ресейлік бағдарлама да ауқымды және сан алуан.

«Еуразия» орынборлық қайырымдылық қоры бағдарламалар циклін ұйымдастырады. Атап айтқанда орынборлық-алматылық суретші Сергей Калмыковке арналған басылым таныстырылымы өтеді, оның ішінде «Последний из Русского Авангарда» және «Похвала Оренбургу» жұмыстарының альбомы бар.

Жастардың қызығушылығын туғызатын кездесу «Культура» телеарнасындағы «Полиглот» реалити-шоуының тележүргізушісі, оқытушы, аудармашы Дмитрий Петровпен өтетін кездесу болмақ. Дмитрий Петровтың  инновациялық-коммуникативтік лингвистика орталығы орыс тілінен ашық сабақ өткізіп, орыс тілін үйрену әдістемесін көпшілікке таныстырады.

Көрме-жәрмеңкеде Ресейдің мерзімдік басылым, кітап шығару, кітап тарату мен баспахана саласындағы ынтымақтастық бойынша халықаралық кеңестегі төрағалығы (Мәскеу қ.) аясында  «Искусство книги – 2017» ТМД қатысушы-мемлекеттерінің халықаралық конкурсы өтеді. Оны Ресейдің ұлттық баспагерлер қауымдастығының президенті А.В. Авдонин жүргізеді.

Түрлі ойындар, конкурстар, шеберлік-сабақтары, ән мен би бағдарламалары қамтылған балаларға арналған бағдарлама да дайындалған.

Көрме аясында «Үздік оқулық», «Үздік өлкетану басылымы», «Балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік басылым», «Көрме-жәрмеңкеде ұсынылған үздік экспозиция», «Ғылым және инновация», «Гран-при» сияқты 6 аталым бойынша «Eurasian Book Fair – 2017» конкурсы болады. Жеңімпаздар мен номинаттар медаль, дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

«Eurasian Book Fair – 2017» шарасының барлық бағдарламаларымен http://www.eurasbook.com/docs/rus/%D0%9A%D0%94%D0%9F.pdf сілтемесі арқылы танысуға болады.

Көрме-жәрмеңкеге келушілердің әрқайсысы көрме уақытында күн сайын өткізілетін бағалы сыйлықтар ұтысына қатысу мүмкіндігіне ие.

«Eurasian Book Fair – 2017» көрмесін ұйымдастырушы  ҚР Мәдениет және спорт министсрлігінің қолдауымен «Фолиант» баспасы және Астана қаласының әкімшілігі.

Көрме-жәрмеңке 15-18 маусым аралығында күн сайын, сағат 10-19.00 аралығында жұмыс істейді.