«Eurasian Book Fair – 2017» II Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің пост-релизі

«Eurasian Book Fair-2017» II Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өз жұмысын қорытындылады. Көрмеге 4 күн ішінде 20 мыңдай астаналықтар мен қала қонақтары келді.

Көрме аясында 100-ге жуық шара өтті, олардың дені (үштен бірі) – жаңа кітаптар, оқу құралдары мен ғылыми-көпшілік басылымдардың таныстырылымы.

Әлемнің 25 елінен 90 қатысушының басын қосқан еуразиялық кеңістіктегі айтулы мәдени-ағартушылық шараның ашылу рәсімінде ҚР Мемлекеттік Хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова қатысып, салтанатты шарада Цицеронның «Кітапсыз үй жансыз дене тәріздес» деген сөзін тілге тиек етті.

Сонымен қатар Ресейдің «Гильдия книжников» коммерциялық емес серіктес жетекшісі Борис Есенькин мен белгілі испан ақыны Хусто Хорхе Падрон құттықтау сөз сөйледі.

Астанадағы кітап көрмесінде «Круги ада» кітабының қазақ тіліндегі аудармасы «Тозақ шеңберлерi» және испан тіліндегі Падронның аудармасы «Қазақ поэзиясының антологиясы» кітаптарының таныстырылымында испан ақыны Хусто Хорхе Падрон: «Әдебиет әлемі жанкештілікті қажет етеді. Әдебиет, рас, ардың ісі. Осы сәтті пайдалана отырып, жазушыларға, әдебиеттің басы-қасында жүрген достарға да соны жеткізгім келеді. Шығармашылық білімді қажет етеді, сезім мен тәжірибе де қоса керек. Кітап адамдарға өмір сүруге көмектеседі, оның құндылығы да осында», – деп кітаптың маңызын атап көрсетті.

Аудармашы Танакөз Ілиясованың айтуынша, испандық ақынға қазақтың танымал ақындарымен қатар жас ақындарының өлеңдері де ұнаған. Абай, Міржақып Дулатов, Серік Томанов, Төлеген Айбергенов, Мұқағали Мақатаев, Хамит Ерғалиев, Ұлықбек Есдәулет, Дәулеткерей Кәпұлы, Ерлан Жүніс және басқалар – ақынға ерекше әсер еткен және енді олар Испания еліне де танылады. Бұл кітаптардың Мадрид пен Барселонада өткен таныстырылымында қазақ поэтикасы француздар мен испандықтардың таңданысын тудырыпты.

«Қазақстан поэзиясы терең, образды, ол табиғатпен, әсем алқаппен, мөлдіреген өзендерімен, асқар тауларымен ерекше… Осының бәрі қазақ ақындарының сөз өрнегінде көрініс тапқан», – деп атап өтті Падрон мырза.

«Eurasian Book Fair – 2017» жұмысында сенсациялар да орын алды. Көрменің алғашқы күнінде Виннипег университетінің мәдениеттанушы профессоры канадалық Франк Альбоның «Астана: сәулет, миф, тағдыр» кітабының таныстырылым болды. Автор Астанада көптеген нысандардың эстетикасы номадтардың ежелгі мәдениетімен тығыз байланысты дейді.

Франк Альбо оқырмандарға басылымда жасырылған жұмбақты тапқан жанға 30 мың доллар беретінін айтты. Бұл мәлімдеме кітаптың Канадада танымал болуына ықпал еткен.

«Астана әлемдегі ешбір қалаға ұқсамайды. Ол – БҰҰ әлемдік архитектурасындай. Ғимараттарда тарих пен әлемдік дәстүрлері тұнып тұр»,  – деді Франк Альбо.

Көрме-жәрмеңке күндері аталған кітаптың таныстырылымы кезінде бірнеше мәрте «бірегей» деген сөз қоса айтылды.  Бах пен Бетховен үлгі тұтқан мәнерлі сольфеджиодан оқу-әдістемелік құралдың тұсау кесерінде де солай болды. Бүгінде Англия, Венгрияда  музыка жазуда мәнерлі жүйе қолданылады. Бұл кез келген жас музыкантқа әуен жазуды үйренуге мүмкіндік беретін әлемдегі тұңғыш, бірегей оқулық. Оқулықтың авторы Қазақ өнер университетітнің профессоры В.А. Шевченко және басылым «Фолиант» баспанынан шыққан.

Беларустық тұңғыш баспагер Франциск Скорынаның жасалуы мен контенті жағынан айрықша және факсимильдік 25 басылымы ерекше көзге түсті. Бұл жұмыс көрме-жәрмеңкеде бас жүлдеге лайық деп танылды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 2014 жылға дейінгі басылған аса сирек кездесетін кітаптары да көпшіліктің көңілінен шықты. Сонымен қатар қытай иероглифімен басылған корей тіліндегі мәтін де жұртшылық назарына ұсынылды.

Балалар әдебиеті –  көрме экспозициясының басым және қызықты бөлігі. Бұл сегментті тамашалаушылар арасында ересектер де бар, мысалы желімделмейтін қағаздан жасалған модельдер. Тас, ағаш, қамыс тәрізді материалдар бейнелегенген қағаздардан шын мәнінде, шіркеу, қайық, зәулім сарайлар соғылғандай әсер береді.

3D, 4D боялатын кітаптар келушілердің қызығушылығын туғызды.  IPAD немесе смартфон арқылы қарағанда кейіпкерлеріне жан бітетіндей шынайы кітаптар ересектерге қатты ұнады. Ресейлік Devar Kids компаниясы өз басылымдарын шетелдік өнімдерге қарағанда неғұрлым көркем және қызықты екенін де атап өтті.

«Қазақстандық ертегілер» басылымына қаржы жинаудың жаңа технологиясы қолданылды («Аруна» баспасы). Алғаш рет елімізде кітапты әрлендіру мен басу краудфандинг арқылы жүзеге асырылған. Алматылық жазушы Юрий Серебрянский мен суретші Вячеслав Люй-ко жаңа форматты ертегі жасап шығарды. Бұл ертегінің бір ерекшелігі, кітап оқырман жасын талғамайды. Қай кезде де, тіпті есейген кезде де көмекші құрал болады екен.

«КомпасГид» баспасы  балаларға арнайы  өлім, абақты, ажырасу мен ұлтаралық шиеленіс секілді мазмұндас басылымдарды бала санасына ыңғайлап дайындайды.

«Белый город» баспасының өнімдерінде қымбат пен арзан, христиан мен ислам, сыйлықтық және қарапайым кітаптары тамаша үйлесім тапқан.

Әрбір көрме-жәрмеңкенің көркін кіргізетін шара – авторлармен, жазушылармен өтетін кездесулер. «Гильдия книжников» (Ресей) және «Фолиант» баспасы (Қазақстан) осындай шараларды қолға алып, кездесулер ұйымдастырған болатын.

Отандық жазушылармен өткен кездесуге жүздеген оқырмандар жиналып, оқырмандар тарапынан түрлі  сұрақтар қойылды. Кездесу еркін әрі қызық форматта өтті. Қонақтар ән айтып, домбыра тартып  шараны қыздыра түсті.

Ресей алаңында шет тілдерін үйренудің әдістемесін жасаған автор және аудармашы Дмитрий Петровпен өткен кездесу айрықша болды. Танымал полиглот күзде қазақ тілін үйренудің әдістемесі жөніндегі кітабы жарыққа шығатынын хабарлады. Сонымен қатар қазір қазақ тілін оқыту әдістемесі жөніндегі хабар жасауға қатысты келіссөздер жүріп жатыр. Бұл youtube-тағы қазақ тіліндегі дәрістерге тамаша қосымша болар еді.

Көрменің соңғы күні  де аса қызықты өтті. Әзірбайжандықтар кілем тоқу, шай демдеу өнері туралы баяндады (дегустациямен).

Сәуле Досжанованың «Мое чужое сердце» аталатын әңгімелер мен повестер жинағының таныстырылымы медицина қызметкерлері күнімен тура келді. Повестің жарыққа шығуына Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында 2012 жылы жасалған жүрек ауыстыру отасы себеп болған. Кітап қазақстандық белгілі кардиохирург, Еңбек Ері Юрий Пяға арналған. Кітаптың авторы ҚР Мәжілісі Парламентінінде қызмет етеді.

Көрмеде күн сайын кіру билеттері бойынша ұтыс ойнатылды. Жалпы саны 60-қа жуық сыйлық үйлестірілді. Бас жүлде – теледидарды 6 жасар Айна Асылбекқызы жеңіп алды. Бүлдіршіннің әжесінің айтуынша, ол тым болмаса кіштентай сағат болса да, әйтеуір бір сыйлық ұтып алғысы келіпті. Таңертең, көрмеге келер алдында отбасы мүшелерін дұға етуін талап еткен. Бас жүлдені жеңіп алғанда барлық отбасы таңданысын жасыра алмапты.

Ұйымдастырылған көрме бәрінің көңілінен шықты. Күннің аптап ыстығында көрме залындағы кітапқұмарлар қатары қалың болды.

«Бұл жолғы көрме былтырғыдан да сәтті өтті», – деген ресейлік кітап баспагерлерінің жетекшісінің осы пікірімен үнділік, қытайлық және түрік әріптестері де келіседі. Іскерлік байланыстар орнатып, ең көп жүлдеге ие болған беларустық делегация тарапынан айтылған оң пікірлер де айтылды.