Қазақ халық ертегілері

ЖАҢА КІТАП!

Құраст. Акжолова Г

Қазақ халық ертегілері. – Астана: Фолиант, 2017.

Керқұла атты Кендебай, Таусоғар мен Көлтауысарды жолдас еткен Ер Төстік, алтын сақасын іздеген бала, Ай астындағы Айбарша сұлу мен Күн астындағы Күнікей қыз – халық ертегілерінің қаһармандары барша мұратына жетіп, баланың қиялына қанат бітіреді. Ертегінің кез келген кейіпкері – ақылды тасбақа мен қоян, қарға мен кірпі, тіпті кішкентай құмырсқаның өзі мейірімділікке, ізгілікке баулиды.