Eurasian Book Fair – 2019

Қымбатты достар!

Жыл бойы күткен кітап көрме-жәрмеңкеміз де бір демде өте шықты!

«Eurasian Book Fair» көрмесіне биыл елімізден, Ресейден және алыс-жақын шетелдерден жүздеген қатысушы келді. Көрмедегі ересектер мен балаларға арналған кітаптар түрлі жанрда және түрлі тілде болды.

Биылғы жылы көрменің бағдарламасы өте кең ауқымда өтті. Төрт күн қатарынан үш алаңда авторлармен, баспа өкілдерімен, сондай-ақ кітап презентациялары болды. Бұл аз десеңіз, ән де айтылып, күй де тартылды, бишілер де бұл шарадан қалысм қалған жоқ. Сонымен қатар Book Talks – кітап және кітапқа қатысы бар тақырыптарды қозғаған спикерлер оқырмандарымен ой бөлісті. Олардың қатарында Юрий Нечипоренко, Мақпал Қаратай, Ринат Зайытов, Жандарбек Мәлібеков, Меруерт Алонсо, Айгүл Иманбаева, Асылзат Мүлкібаева, Зәуре Төреханова, Абай Тыныбеков және басқалары болды.

Бұдан бөлек, балаларға арналған алаң бір босамады – арнайы шеберлік сыныптары өтті, аниматорлар ойын-сауық бағдарламасын жүргізді. Тіпті балаларға арналған квест және театрландырылған қойылым да болды. Бір сөзбен айтқанда, ата-ананың да, баланың да көңілінен шықты.

Барлық қатысушыларға және көрме қонақтарына алғысымызды білдіреміз! Биыл әлеуметтік желіде көптеген жақсы пікір алдық. Егер сізде көрмеден сурет немесе видео болса, бізді, яғни @eurasbook парақшасын белгілеуді ұмытпаңыз. Сондай-ақ #eurasianbookfair2019 #eurasbook #өзкітабыңдытап хештегтерін жазуды да естен шығармаңыз.

Жуық арада кәсіби маман түсірген суреттер мен бейнежазбаларды аламыз. Сіздермен міндетті түрде бөлісеміз. Жаңалықтарымызды жіберіп алмаңыздар!

Қатысқандарыңыз үшін барлығыңызға көп рахмет!
Келесі жылы кездескенше!

Ең ізгі тілектермен,
Eurasian Book Fair атқарушы дирекциясы

photo5348374318620453590

photo5348101566722320918

photo5348101566722320915

photo5348374318620453584

photo5348101566722320913

photo5348374318620453586

photo5348101566722320919

photo5348374318620453589

photo5348101566722320920

photo5348101566722320916

photo5348374318620453585

photo5348374318620453588

photo5348374318620453587

photo5348101566722320921

photo5348101566722320917

Оставить комментарий