Басылым шарттары

Құрметті Оқытушылар!

«Фолиант» баспасы, кәсіптік-техникалық білім беру үшін «Жоғарғы мектеп» және «Кәсіптік білім» сериясында, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің грифімен бекітілген оқулықтар шығарады.
Оқулықтар мемлекеттік және орыс тілінде басылады және гуманитарлық, ғылыми, техникалық және басқа жанрдағы: оқулық, оқу-әдістемелік құрал, сөздік, хрестоматия, практикум, зертханалық жұмыс, жаттығу мен есептер жинақтарын қамтиды. Заманға сай оқулықтар жасауда оның жаңа білім беру бағдарламасы, технологиясы мен әдістемесінің талаптарына сай болуы өте маңызды. Сондықтан оқулық құрастыруда келесі критерийлерге мән беріңіз:

  • Оқулық немесе әдістемелік әдебиет жазуда оның техникалық спецификацияға сай болуы (кітаптың аннотациясы, кіріспесі, мазмұны, қолданылған әдебиеттер тізімі болуы керек);
  • Кәсіби-техникалық және жоғарғы мектепте мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің типтік білім бағдарламасына сай болуы;
  • Нақты (фундаменталды) ғылымға сүйене отырып қазіргі гуманитарлық, нақты және техникалық ғылымның жетістіктерін көрсету;
  • ҚР заң құжаттарын қолданып, оларды өз еңбектеріңізде көрсету;
  • Оқулықтың негізгі мақсаты – оқыту, тәрбиелеу мен дамыту функциясын жүзеге асыру.
    Автор өз еңбегін жарыққа шығару үшін «Фолиант» баспасын таңдаса, тегін кітап басу және қаламақы төлемін (1000 данадан 10%) белгілеу мақсатында баспа мен автор арасында келісімшарт жасалады. Баспа ҚР Әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқығы бойынша комитетінде авторлық құқықты тіркеуден өткізеді. Басылым 2010-2011 оқу жылдарына жоспарланған.

Баспаға:

  1. 1,5 интервалды, 14-ші Times New Roman шрифтімен Microsoft Office Word мәтіндік процессорында терілген, қағаз және электронды түрдегі қолжазба,
  2. Әр автордың құжат көшірмелері (РНН, жеке куәлік), мекен-жайы мен телефон нөмірі (үй, жұмыс, ұялы). Құжаттарды ҚазПошта немесе foliant75@mail.ru электронды адреске жіберуге болады.
  3. Ғылыми дәрежесі бар маманның пікірі, оқу орнындағы оқу-әдістемелік кеңес шешімі және сала бойынша оқытушының пікірі ұсынылуы тиіс