Баспа туралы

Кітап басып шығару ісімен «Фолиант» баспасы 1996 жылдан бері айналысып келеді, бұл кез Қазақстанның кітап басу ісінің нарықтық қатынастар жолына бет бұрған шағы еді, сондықтан да оның жағымды тұстары да, қиыншылықтары да болды. Енді, 19 жыл өткеннен кейін кітап басу ісіндегі қол жеткен жетістіктер мен белгілі бір нәтижелер туралы айтуға болады. 20 жылға жуық қызметінде біраз белестерді бағындырды десек болады, баспа елімізбен қоса шетедерде де танылып, өз орнын алуда.

Қазіргі таңда біздің баспа оқулықтар, ғылыми, ғылыми-танымдық, көркем әдебиет, балаларға арналған және дамытушы  әдебиет, өзге де әдебиет түрлерін, сондай-ақ безендірілген фотоальбомдар мен журналдар басып шығарумен айналысады. Фирманың өз полиграфиялық базасы бар – бұл бізге кітап шығару туралы алғашқы ойдан бастап, жарыққа шыққанға дейінгі толық қызметтерді көрсетуге мүмкіндік береді.

2004 жылдан бастап біздің баспа көркем және ғылыми әдебиет басу ісіне қомақты үлесін қосқан «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді атсалысып, он жыл ішінде қазақ фольклорының «Бабалар сөзі» сериясының 100 томы, Шығыс, антика дәуірі, Ресей, Египеттің тарихи ойының үздік ғылыми жетістіктері мен ғылыми және көркем құндылық танытатын өзге де еңбектерді біріктіретін «Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы» сериясының 14 томы жарық көрді.

Бүгінгі таңда «Фолиант» баспасы кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарына арналған оқулықтар шығару ісімен айналысатын бірден-бір баспа орны болып табылады. 2014-2015 жылдары «Кәсіптік білім» сериясымен әрқайсысы 1000-нан 2000 данаға дейін, республиканың бейіні бойынша сәйкес оқу орындарында алдын ала апробациядан өткен 450-дей оқулық жарық көрді. Тұтынушылар үшін баспаның 300-ге жуық жеке кітаптарының ассортименті бар. Биылғы жылы да әр түрлі бағдардағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешеннің 300 түрін басып шығару жоспарланып отыр. Баспадан шыққан оқулықтардың барлығы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен ұсынылып, бекітілген.

Қазіргі уақытта біз «Жоғары мектеп» сериясымен оқулықтар шығарудың тақырыптық жоспары құрастырудамыз. Бұл жобаның жүзеге асуы республика жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар сұранысының өсуін қанағаттандырып қана қоймай, сонымен қоса шығармашылықпен жұмыс жасайтын оқытушыларды қолдауға мүмкіндік береді.