Қазақ халық ертегілері

ЖАҢА КІТАП!

Құраст. Акжолова Г

Қазақ халық ертегілері. – Астана: Фолиант, 2017.

Керқұла атты Кендебай, Таусоғар мен Көлтауысарды жолдас еткен Ер Төстік, алтын сақасын іздеген бала, Ай астындағы Айбарша сұлу мен Күн астындағы Күнікей қыз – халық ертегілерінің қаһармандары барша мұратына жетіп, баланың қиялына қанат бітіреді. Ертегінің кез келген кейіпкері – ақылды тасбақа мен қоян, қарға мен кірпі, тіпті кішкентай құмырсқаның өзі мейірімділікке, ізгілікке баулиды.

«Eurasian Book Fair – 2017» II Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің пост-релизі

«Eurasian Book Fair-2017» II Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өз жұмысын қорытындылады. Көрмеге 4 күн ішінде 20 мыңдай астаналықтар мен қала қонақтары келді.

Көрме аясында 100-ге жуық шара өтті, олардың дені (үштен бірі) – жаңа кітаптар, оқу құралдары мен ғылыми-көпшілік басылымдардың таныстырылымы.

Әлемнің 25 елінен 90 қатысушының басын қосқан еуразиялық кеңістіктегі айтулы мәдени-ағартушылық шараның ашылу рәсімінде ҚР Мемлекеттік Хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова қатысып, салтанатты шарада Цицеронның «Кітапсыз үй жансыз дене тәріздес» деген сөзін тілге тиек етті.

Read more

«Eurasian Book Fair – 2017» II Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің баспасөз хабарламасы

Бүгін «Көрме» орталығында елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған «Eurasian Book Fair – 2017» II Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өз жұмысын бастады. Еуразиялық кеңістіктегі айтулы мәдени-ағартушылық шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова қатысты.

Шараның ашылу рәсіміне әдебиет пен баспа ісі саласының белді өкілдері, Қазақстанда аккредитацияланған елшілік, сондай-ақ ҚР министрлік пен ведомстволар өкілдері қатысты.

Кітап көрме-жәрмеңкесі жұмысына әлемнің 25 елінен 90 баспа өкілі қатысып жатыр. 3 мыңнан астам кітап өнімдері қойылған. Көрмеге келушілер бірнеше тілде жарық көрген балаларға арналған, көркем, ғылыми-танымдық, іскерлік және техникалық әдебиеттерді алып, танымал жазушылармен өтетін шығармашылық кездесулер мен автограф-сессияларға қатыса алады.

Read more