Мысыр. Джорджио Ферреро

ЖАҢА КІТАП!

Джорджио Ферреро

Мысыр. – Астана: Фолиант, 2017.

Тарихи құнды жәдігерлерге бай Ежелгі Мысыр – адамзатты әлі күнге дейін таңдандырып, толғандырып келе жатқан ежелгі өркениет бесігі. Әлемнің жеті кереметінің бірі пирамидаларымен танылған Мысырдың құпиясы ашылды ма? Соңғы зерттеулердің нәтижесі қандай?

Міне, бұл кітап сіздерге осы және басқа да қызықты дерек-дәйектерден сыр шертіп, ғасырлар бойы билік құрған атақты перғауындар тарихына бір қадам болсын жақындауға мүмкіндік береді.

Ежелгі өркениет құпияларын ашуға асығыңыз!

Қазақ халық ертегілері

ЖАҢА КІТАП!

Құраст. Акжолова Г

Қазақ халық ертегілері. – Астана: Фолиант, 2017.

Керқұла атты Кендебай, Таусоғар мен Көлтауысарды жолдас еткен Ер Төстік, алтын сақасын іздеген бала, Ай астындағы Айбарша сұлу мен Күн астындағы Күнікей қыз – халық ертегілерінің қаһармандары барша мұратына жетіп, баланың қиялына қанат бітіреді. Ертегінің кез келген кейіпкері – ақылды тасбақа мен қоян, қарға мен кірпі, тіпті кішкентай құмырсқаның өзі мейірімділікке, ізгілікке баулиды.

Астанада IV Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

^91877D1520B55F95D4D2D3EC602343A4B14B81B289C3089482^pimgpsh_fullsize_distr2019 жылы 24-27 сәуір аралығында, Астана қаласында «Фолиант» баспасының ұйымдастыруымен және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастырушылық қолдауымен «Eurasian Book Fair-2019» IV Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді.